Ипотекалық тұрғын үй / ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы

281

0

2018 жылдың 15 желтоқсанына дейін қазақстандықтар ипотекалық тұрғын үй қарыздарын / ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы* (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында қарыздарды қайта қаржыландыруға арналған өтініштерін бере алады. Бағдарлама ипотекалық несиелендіру саласында қалыптасқан мәселелерді шешу үшін әзірленген және халықтың әлеуметтік жағдайы төмен және әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру үшін мемлекеттің негізгі әлеуметтік векторын қолдайды.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткізілген берешегі бар, ХОТМ (халықтың әлеуметтік осал топтарының мәртебесі**) расталған тұлғалар жеңілдетілген жылдық пайыздық мөлшерлеме (3%) бойынша теңгедегі қарыздарды қайта қаржыландыра алады. Бағдарламаның күші төмендегі критерийлерге сәйкес теңгедегі қарыздарға қолданылады: 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде берілген қарыздарға,  2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі 36,470,000 теңгеден аспайтын және қарыз бойынша жылжымайтын кепіл мүлкі қарыз алушының жалғыз жылжымайтын тұрғын үй мүлігі болатын (2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) қарыздарға қолданылады.
Бағдарламаға, сондай-ақ, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі шетел валютасымен берілген тұрғын үй / ипотекалық қарыздары бар тұлғалар қатыса алады. Шетел валютадағы қарыздарды қайта қаржыландыруға арналған өтініштерді қарастыруда ХОТМ расталған тұлғаларға басымдылық беріледі.
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының негізгі операторы ретінде, қарыздары Компанияның ипотекалық қоржынында орналасқан қарыз алушылардың өтініштерімен Бағдарлама бойынша тікелей жұмыс істейді.
Бағдарлама аясында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ бүгінгі таңда Қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша шетел валютасындағы қарыздар бойынша 67 өтінішті және теңгедегі қарыздар бойынша 19 өтінішті қарастыруда. Жыл аяғына дейін Компания қайта қаржыландыру Бағдарламасы аясында 200-ден астам валюталық қарызды және бір жыл ішінде 1 300 астам теңгедегі қарызды қамтиды деп күтілуде.
Теңгедегі және шетел валютасындағы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын / ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптарымен «ҚИК ИҰ»  АҚ https://kmc.kz/ru/program/refinancing сайтынан толығырақ таныса аласыз.
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ
баспасөз-қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<