Іздеу саламыз

991

0

04.08.2021 жылы кешкілік уақыт 22.30 шамасында 17 жастағы Архабай Саламат Маратқызы белгісіз бағытқа қарай кетіп қайта оралмаған.

Жасөспірім 3 топ мүгедегі.

➡️Ерекше белгілері: бойы 140-150 см, шашы қызыл-қара. Киген киімдері: ақ футболка, джинсы шорты, кроссовка. Жасөспірім қыз жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Кезекші бөлімі 29-75-20 телефонына немесе #102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. ❗

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы кәмелетке толмаған жасөспірімді іздеп табу мақсатында облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырларын, саяжайларды, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттарды, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағынан 6 қызметкер, 1 қайық- моторымен, сіңгіру құрал жабдықпен, бір кинологиялық есеппен 06.08.2021 жылы сағат 06:25 минуттан іздестіру жұмыстары жүргізілуде ,ішкі істер қызметі тарапынан 80-90 қызметкер, «Жомарт» ҚБ еріктілерімен Сырдария өзенінің жағалауын іздестіру жұмыстары жұргізілуде

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<