ҰҚК аумақтық департаментінің бастығы ауысты

364

0

2014 жылдан бері ҰҚК-ның Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментін басқарып келген Таңат Жүнісов енді комитет академиясына жетек­шілік етеді. Кешегі өткен актив жиы­нында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев оның жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

– Таңат Рымбекұлы қызмет атқарған жылдары өңірімізде тұрақты жедел ахуал сақталып, департамент басқа мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимыл орнатты. Облыстың ұлттық қауіпсіздігін сақтау мен нығайтуда жемісті еңбек еткені үшін Таңат Рымбекұлына Сыр жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін және алдағы жұмысына табыс тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ сала ісін алға жылжытудағы мінсіз қызметі үшін оған облыстың Құрмет грамотасын табыстады. Т.Жүнісов құрмет үшін ризашылық білдірді. Жиында ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің жаңа бастығы таныстырылды. Бұл лауазымға Мақсұт Бай­мағамбетов тағайындалды. Ол осы салада ширек ғасырдан бері қызмет атқарып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<