Киікті қорғау акциясы жүргізілмек

756

0

Осы жылдың сәуір айының 15-і мен мамыр айының 15-і аралығы киік жануарының төлдейтін уақыты. Осыған орай, киік аңына броконьерлік жасауға және сатуға ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз жұмыстарына күшейтілген режимде арнайы құқық қорғау орган қызметкерлерінің қатысуымен қорғау жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілетін болады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Охотзоопром» ӨБ РМҚК-ның Жануарлар дүниесінің қорғау қызметінің бас маманы Аюхан Оқушбаев мәлімдеді.

-ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлесіп Киік кең ауқымды акциясы жүргізілетін болады. Бұл акцияға «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-нан 430 ға жуық инспектор және 2 тік ұшақ, 90 джип, камаз кунг автокөліктерімен қамтамасыз етіліп, арнайы техникалардан дрон аппараттары, түнгі көру құрылғылары жұмылдырылатын болады. Сондай-ақ, Қызылорда өңірлік филиалында 35 инспектордан құрылған барлығы 7 мобильдік топ қызмет жасайды. Бұл мобильдік топ Қызылорда облысының 17 783 279 мың гектар, Түркістан облысының 3 576 233 мың гектар жерінде киік, ақбөкен аңын және ҚР Қызыл кітапқа енген аңдарын қорғауға жұмыстарын жүргізеді. Қызылорда өңірлік филиалы жалпы саны 15 автокөліктермен, радио станция, GPS навигатор, бинокль, түнгі көру көзілдірігі, бейнекамера, фотоаппарат, спутниктік бақылау, спутниктік телефонымен қамтамасыз етілген. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Кызылорда өңірлік филиалы өткен жылы заңсыз аңшылықпен айналысу деректері бойынша жалпы саны 18 қылмыстық істің, оның ішінде киік аңына сәйкес-10 қылмыстық істердің анықталуына атсалысып, табиғатты қорғауға сүбелі үлестерін қосуда. Ағымдағы жылдың өзінде сирек кездесетін аң-құстармен, аша тұяқты жануарларды және ақбөкен аңын қорғау, сақтау барысында 5-қылмыстық іс, 3-әкімшілік істі анықтады. Бүгінгі таңда киік аңы жойылып кету қаупі төніп тұрған тұяқты жануарлар қатарына жатады. Сондықтан, 2024 жылға дейін аулауға және сатуға тыйым салынады. Броконьерлермен күресті бірге жүргізіп, киік аңын болашақ ұрпаққа бірге жеткізейік,-деді Аюхан Қалықұлы.

Айта кетейік, өткен жылғы санақпен санағанда барлығы 1 318 000 бас киік жануары бары анықталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<