«Күнәнің зардабы және қоғамға тигізетін әсері» тақырыбында жиын өтті

449

0

Кеше М.Ералиева атындағы  қалалық мәдениет үйінде Қызылорда қалалық Пробация қызметінің ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға «Күнәнің зардабы және қоғамға тигізетін әсері» тақырыбында жиын өтті.

Шараға Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Ә.Әбжанов арнайы шақырылды.  Жиынды Қызылорда қалалық Пробация қызметі бастығының орынбасары әділет подполковнигі А.Примова ашып, жиынға қатысқан азаматтарды ораза мерекесімен құттықтап,  оразаның алғашқы күні ұйымдастырылып отырған  іс – шараның берері мол екенін арнайы шақырылған қонақтарға діни тұрғыда сұрақтарыңыз болса  қоюға болатынын айтып өтті.

Одан әрі Пробация қызметінің аға инспекторы  әділет майоры М.Маратқызы пробация есебінде тұрған азаматтарға көрсетілген әлеуметтік және құқықтық көмек тұрғысында 2018 жылғы 4 айда атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы болатын мәдени- спорттық іс – шараларға белсене қатысу керектігін жеткізді.

Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Ә.Әбжанов ең әуелгі сөзін Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Рақым айы – Рамазан құтты болсын деп бастады. Жиынның негізгі тақырыбы Күнә деген не екенін, күнәнің шариғат тұрғысынан 2 түрлі болатынын, Пайғамбарларымыздың өткен өмірлерінен мысал келтіре отырып, әрбір мұсылман күнә деген әдеттен бойын аулақ болғаны жөн деп күнәнің зардабы туралы кең көлемде мағұлмат берді. Күнәнің зардабы-  күнә жасаған адамның  жүрегі қарая беретінін, мейірім деген сезімі жоқ, ұяты кемиді, ұят – ол иманның жартысы. Күнә жасай берген адам Аллаға қарсы келіп, Алланы ұмытады. Алайда кімде кім тәубе етсе, иман келтіріп, ізгі амалдар жасаса, Алла олардың жамандықтарын жақсылыққа айналдырып, кешіреді деді.

Жиын соңында бас имамға пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар көкейлерінде жүрген  сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Д.Достанова 

Қызылорда облысы  бойынша 

Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<