«Көлік әлемінде – болашақ сіздің қолыңызда» оқушыларға арналған ашық есік күні

145

0

Фото: көліктік бақылау инспекциясы

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі көлік саласына кадрларды даярлау бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл жұмыстағы маңызды қадам бүгінгі 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен көлік ұйымдарының мамандары және жоғары оқу орындары мен колледждер өкілдерімен жиын.

Мектеп оқушыларымен бірге «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол», «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК, Әуежай сияқты көлік саласындағы жетекші компаниялардың филиалдары мен өкілдіктері және  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері қатысады.

Кездесу бағдарламасы көлік саласының сарапшыларымен және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдерімен диалогты қамтиды.

Көлік саласының мамандарымен кездесуде қатысушылар осы саладағы кәсіптер мен қызмет бағыттары туралы қызықты әрі танымды әңгімелер тыңдайды. Сарапшылар көлік қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша өз тәжірибесімен және білімдерімен бөліседі: темір жолдағы жұмыстан бастап авиация мен автомобиль көлігіне дейін.

Олар көлік саласындағы табысты мансап үшін қандай дағдылар мен білім қажет, бұл сектор кәсіби даму үшін қандай мүмкіндіктер беретіні,   сондай-ақ жас мамандарды қандай қиындықтар мен перспективалар күтіп тұрғаны туралы айтып береді.

Бұл мектеп оқушылары үшін көлік әлемімен тікелей танысуға, сұрақтар қоюға және осы қызықты және болашағы зор салада мансап таңдауға шабыт алуға бірегей мүмкіндік болады.

Қызылорда облысы бойынша

көліктік бақылау инспекциясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<