Көңілдегі керуен

897

0

С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында ҚР Суретшілер және Қолөнершілер одағының мүшесі Ұлмекен Маутованың «Көңілдегі керуен» атты  шығармашылық көрмесі ашылды. Аталған іс-шараға танымал суретшілер мен қолөнер шеберлері қатысты.

Көрменің мақсаты – өнер иесінің шығармашылығын дәріптеп, ұлттық қолөнерді дамытып, қазақтың сәндік-қолданбалы бұйымдарын көпшілік назарына ұсыну.

Ұлмекен Маутова Алматы қаласындағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде театр декораторы мамандығы бойынша білім алды. Бірнеше облыстық, республикалық, халықаралық көрмелеріне қатысқан өнер иесі «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталған.

Ұлмекен Қайырбайқызының жұмыстары философиялық мағына береді және стилизация әдістері арқылы ерекшеленеді. Суретші туған жерінің сұлу табиғатын өз туындыларында алуан түрлі бағытта берген. Мұны көрмеге қойылған 40-қа жуық кескіндеме және қолөнер туындыларынан байқауға болады.

Іс-шарада Жаңақорған ауданы мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы Жадыра Шертекова Ұлмекен Қайырбайқызына аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Келушілер өнер иесінің тамаша туындыларымен танысты.

Көрме 30 наурызға дейін жалғасады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<