Колледж командасы турнирде топ жарды

483

0

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында шахмат ойынынан облыстық турнир өтті. Іс-шараны Ұстаздар күні мерекесіне орай облыстық білім басқармасы мен Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырған.

Жарысқа академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі командасы қатысып, жүлделі I-орынды иеленді. Сондай-ақ, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Есеналиев үздік ойыншы атанды.

Жеңіс тұғырынан көрінген әріптестерін оқу орыны басшысы Әнуар Дауленбаев бастаған колледж ұжымы мен білімгерлері зор қуанышпен қарсы алды. Жеңімпаздарды құттықтап, ризашылық білдірді.

Турнирді ұйымдастырған облыстық білім басқармасы мен Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына алғысымыз шексіз.

Олжас Қожантаев,

Академик С.А.Джиенкулов атындағы

Байқоңыр жоғары колледжінің

дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<