Мәжіліс пен мәслихат сайлауы онлайн өте ме?

238

0

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау онлайн режимде өтпейді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау процесі «Сайлау туралы« заңмен реттеледі және заңнамамызда онлайн-дауыс беру мәселесі қарастырылмаған. Бұл сайлауды да әдеттегі жүйемен, қағаз бюллетеньмен өткіземіз. Яғни, сайлаушыларымыз үшін бұл тұрғыда ешқандай жаңашылдық жоқ», – деді Берік Имашев Орталық сайлау комссиясында өткен баспасөз мәслихаты барысында. Айта кетейік, кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізуге шығыстардың болжамды сметасы 15,3 млрд теңгені құрайтынын мәлім еткен болатын. Ал егер екі сайлау біріктірілмей, бөлек өткізілсе, шығын 25 млрд теңгені құрайтын еді. 21 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз