Медициналық-әлеуметтік сараптама нені көрсетті?

495

0

Жыл өткен сайын түрлі жағдайға байланысты немесе туабітті денсаулығындағы кінәраттың кесірінен мүмкіндігі шектеулі жандар қатары артуда. Бұл мамандарды да алаңдатып отыр. Мәселен, биылғы  1 қазанға дейін облыста мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны 31775, оның ішінде ересектер 26143, балалар 5632. Жалпы халық саны бойынша мүгедектердің үлес салмағы – 3,8%.

Биылғы 9 айда медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары 8754 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 12,6%-ға өскен. Осы уақыт аралығында 1943 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалса, тағы да салыстырмалы түрде 315 адамға көбейгенін көрсетіп отыр. Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққанда алғашқы мүгедектік көрсеткіші 23,4% құрады (өткен жылы 9 айда – 19,8%). Ал республика бойынша 19,7%. Бұл сандарды тарқатып айтар болсақ,   алғаш рет мүгедектік тағайындалған 1260 ересек адамның 985-і (78,2%) жұмысқа жарамды жаста екені белгілі болды. (2021 жылы – 876),  ал оның ішінде 275-ін  (21,8%) зейнеткерлер  құрайды.

Ересектер арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымын талдау бойынша өткен жылмен салыстырсақ, бірінші орында қан айналымы жүйесінің ауруы салдарларынан алғашқы мүгедектікке шыққандар 28,4%-дан 25,9%- ға, ал қатерлі ісік ауруы салдарынан шыққандар 21%-дан 19,4%-ға төмендеген. Одан кейін көз ауруы және оның қосалқы салдарынан алғашқы рет танылған мүгедектік 13%-дан 12,9%-ға аздап төмендесе,  жарақат алып, алғашқы мүгедектікке шығу 9,7%-дан 12,5%-ға өскенін көрсетті. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балалар арасында мүгедектікке 683 бала шықса, бұл көрсеткіш өткен жылы 540 болған, яғни 143 балаға артқаны мамандарды ойландыруда. Оның да нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылмен салыстырғанда төмендегідей сандарды көруге болады.

Бірінші орында  жүйке жүйесі ауруларының салдарынан алғашқы мүгедектікке шыққандар 31,5%-дан 35,7%-ға  өскен. Екінші орында туабіткен даму ақаулары, деформация және хромосомдық ауытқулар салдарларынан мүгедек деп танылған балалар 35%-дан 29,7%-ға төмендесе, тыныс алу органдарының аурулары  5,6%-дан 7%-ға өскен. Төртінші орында эндокриндік аурулар, тамақтану және зат алмасудың бұзылуы аурулары 3,9%-дан 4,1%-ға артқаны байқалады.

Биыл 9 айда 5517 мүгедек, оның ішінде 3590 ересек адам, 1927 мүгедек бала қайта куәландырудан өткен. Олардың арасынан  (3590) 379 адам толық оңалғаны қуантады.  Республика бойынша бұл көрсеткіш 6,8% құрайды. (2021 жылғы 9 айда облыс бойынша бұл көрсеткіш 7,8% болған). Оның ішінде ересектерден 261 (7,3%), мүгедектігі бар балалардан  118-і (6,1%) толық оңалтудан өткен. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, қайта куәландырудан өткен 5159 мүгедектігі бар адам арасынан 402-і (7,8%) толық оңалған, яғни, бұл көрсеткіш биыл 0,9%-ға төмендеп отыр.

Есепті мерзімде қайта куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың 235-і (13,1%) жартылай оңалып, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама төмендеген (245-15%). 

Мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес,   жыл басынан 2930-на (56,7%) ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі бойынша, 218-не (4,2%) кәсіби бөлігі бойынша оңалту шаралары әзірленді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттар жүйесі мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша әзірленген ОЖБ-ға сәйкес, облыс аумағындағы мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудің орындалуы 84,7% құрады (Республика бойынша 78,6%), оның ішінде протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету 62,8%, сурдотехникалық көмек 80%, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету 82,8%, кресло-арбамен қамтамасыз ету 87,4% болса, санаторлық- курорттық емделу 70,5%, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету 95,5%, жеке қызметшінің әлеуметтік қызметі 98,5%, ымдау тілі маманыны қызметтерінің орындалуы 97,9% құраған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес, департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері аталған мемлекеттік қызмет түрін проактивті сырттай көрсетіп келеді. Республика бойынша сырттай куәландырудың динамикалық көрсеткіші бойынша 1798 тұлғаға медициналық-әлеуметтік сараптама проактивті сырттай жүргізілген, бұл осы мерзімде жүргізілген жалпы 8754 куәландыру санының 20,5%-ын құрайды.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама заңнамасы талаптарын халық арасында түсіндіру үшін бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта, алғашқы мүгедектікке шығудың алдын алу, мүгедектігі бар адамдарға жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы бойынша денсаулық сақтау ұйымдары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдаламалар басқармасы мамандарымен бірлескен жұмыстар жалғаса бермек.

Тілеукүл Мырзахметова,

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті облыс бойынша департаментінің

медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<