2018 жылы мамыр айының 11-16 күні аралығында суға шомылу маусымының басталуы қарсаңында Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №250, №105 мектеп-лицейлері және №26, №27, №30, №183, №121 орта мектептері 6-11 сыныбының 532 оқушыларымен 83 мұғалімдерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстары мен семинар өткізді.
Кездесу барысында оқушылар мен мұғалімдерге ашық су көзіндегі қауіпсіздігі, судағы төтенше жағдайлардың басты себептері, азаматтардың құтқарушылармен күзетілмейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен және оларды ұстанбауынан, ішімдік ішіп шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан қайғылы оқиғалар орын алатындығы жөнінде түсіндірмелер берді.
Судағы қайғылы жағдайдың негізгі себебі – азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін бұзуынан немесе оны білмеуінен болып табылады.
Маусым-тамыз айлары шомылатын уақыт қана емес, балалардың жазғы демалысы, бұл кезде олардың бос уақыты көп болады, ал ересектер тарапынан дұрыс бақылау жасалмайды. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдарынан 2017 жылы Қармақшы ауданының су айдындарында балалармен байланысты 2 қайғылы оқиға орын алды.
Осыған байланысты 2018 жылдың 28 сәуірінде аудан әкімінің орынбасары Ж. Сүйеубаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда қаралған 3 мәселенің біреуі жазғы суға шомылу маусымына қатысты болды. Сол отырыста комиссия төрағасы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
2018 жылдың 15 мамырында аудан әкімі С. Мақашов «Жазғы суға шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспарын» бекітіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырма берді.
Қармақшы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан телеэкран арқылы және аудандық орталық алаңындағы «ЛЕД» экраны арқылы халыққа «Судағы қауіпсіздік» және «Өрт қауіпсіздігі» жөнінде күнделікті бейнероликтер көрсетілуде.
Әр аптаның сенбі күндерінде бөлім қызметкерлері тұрғын секторларда өрт қауіпсіздігінің алдын алумен бірге суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жадынамар таратуда.
Қармақшы ауданына қарасты 12 ауылдық округ пен 2 кентке жақын орналасқан ашық су көздерінің жағаларына 22 ескерту тақтайшасы мен 6 стенд орналастырылды.
Қармақшы ауданы аумағында арнайы суға шомылу орны жоқ, алайда аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері және аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, ашық су көздерінің жағажайларында суға шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтауды, адам қазасын болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілуде.
Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<