Мемлекеттік мекеме қызметкерлері тимбилдингке қатысты

307

0

Аймақтағы мемлекеттік мекемелердің штаттан тыс қызметкерлері Жастар орталығына қонақ болды. Ұдайы мемлекеттік қызмет пен маңызды жұмыстардың бел ортасында жүрген мамандар орталық психологының тимбилдингіне қатысып, ерекше әсер алып қайтты.

Орталық психологы дөңгеленген шеңберде қатысушыларға түрлі психологиялық ойындар ойнатып, сергіту сәті мен еркін-пікір алмасу, кері байланыс секілді ұжымдық тапсырмалар орындатты.

Мемлекеттік мүдде, ұлттық мақсат жолында қызмет етіп жүрген азаматтардың басын біріктіріп, корпоративті демалыс сыйлауды мақсат еткен шарада қатысушылар бірсарынды жұмыс кестесінен бір сәт демалып, мазмұнды, қызықты уақыт өткізді.

Көшбасшылық тенденцияны қалыптастырып, ұжымдық байланысты нығайтуға бағытталған тимбилдингті қатысушылар алдағы уақытта жиі өткізіп тұруды сұрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<