Мемлекеттік тілді қолдану аясы кең

293

0

Мемлекеттік тілді дамыту бағытында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінде жүйелі түрде ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді.

Атап айтқанда, қызметкерлерден диктант алынып, «Мәңгілік ел – Қазақстан» тақырыбында эссе жазу сайысы ұйымдастырылды. Қорытындысында тұжырымын үздік жеткізе білгені үшін 1-орынды департаменттің мемлекеттік құпиялармен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұржан Мұсахан иеленді. Одан бөлек, департамент қызметкерлері мен жұмыскерлері арасында латын тілі әліпбиіне көшу мәселелері бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспар орындау мақсатында да тиісті шаралар жасалуда. Мекеме құжаттарының 96,2%-і мемлекеттік тілде әзірленген. Кіріс құжаттарының барлығына және аумақтық құрылымдарға мемлекеттік органдар мен азаматтардан қазақ тілінде келіп түскен өтініштер мен сауалдарға мемлекеттік тілде жауап берілді. Барлық аппараттық және жедел мәжілістер, іскерлік шаралар, хаттамалар, қаржылық, есептік статистикалық құжаттар түгел мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуі оның отаншылдығының бір өлшемі деп түсінгеніміз жөн. Алдағы уақытта да мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту жұмыстары жалғасын таппақ.

Р.МАМЕКОВА, 

департаменттің әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы.

 

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<