«MEN – QAZAQPYN» ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

300

0

 Еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәс­­түрлі әнші-термеші, күйші­лердің басын бір арнаға тоғыс­тырып, әр аймақта қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеуді мақсат ететін жоба екінші рет өткізіліп отыр. Қатысушылардың жас ерекшелігі – 18 бен 40 жас ара­лығы. Әділқазылар алқасы саxнаға шығатын өнерпаздардың ұлттық киімдеріне де үлкен мән беруде.

– Қаймағы бұзылмаған өңірі­мізде төл өнердің жақсы дамып келе жатқанын байқадық. Облыс­тық кезеңге өту үшін талапкерлер жақ­сы дайындықпен келді. Ал, облыстық іріктеудің ақтық сайысы 17 маусым күні А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылады, – деді телеарна директоры.

Жиында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама бас­қармасының басшысы Мира Әбуова телевизиялық жобаға был­тыр бірқатар өнерпаздар қатысып, жоғары нәтиже көрсеткенін тілге тиек етті.  Облыс әкімінің кеңесшісі Айгүл Сағымбай да өткен жылы сайыскерлердің жырды көмей арқылы айтып, ерекше талантын, дарынын танытқанын атап өтті. 

Айта кетейік, биыл атал­ған теле­визиялық жобада жаңа­лық көп. Байқау бары­сында жеңім­­паздар ар­найы сый­лықтармен ма­ра­патталып бас жүл­­дегерлер «Жыл­дың ең үздік дәстүрлі әншісі», «Жылдың ең үздік термешісі», «Жылдың ең үздік күйшісі» атағын иеленеді. Қазақ өнерінің өрісін кеңейтетін додада SМS дауыс беру арқылы «Көрермен көзайымы – 2018»  аталымының да иегері анық­талмақ.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<