Месси Неймардың командасынан жеңіліп қалды

1184

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгін, 30 қаңтарда «Әл-Хилял» мен «Интер Майами» футбол клубтары арасында жолдастық кездесу өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сауд-Арабия астанасы Эр-Риядта жергілікті команда өз алаңында америкалық ұжым «Интер Майамиді» қабылдады. 90 минутқа созылған кездесу 4:3 есебімен «Әл-Хилал» командасының жеңісімен аяқталды.

Матчтың 10 минутында Митрович есеп ашса, араға 3 минут салып Әл-Хамдан «Әл-Хилалдың» екінші голын соқты. Ал «Интер Майамидің» жаңа футболшысы Луис Суарес матчтың 34 минутында есеп қысқартты. Десе де бірінші таймның соңында Микаэль «Әл-Хилалдың» үшінші голын салды. Екінші тайм америкалық құрам үшін сәтті басталды.

Месси 54 минутта пенальтиден көзге түссе, 1 минуттан кейін Лионелдің пасынан Руис мергендік танытты. Ал кездесудің жеңіс голын Неймардың әріптесі Малком соқты. Айта кетейік, Неймардың өзі бұл матчқа жарақатына байланысты қатыспады.

Еске салайық, Месси бастаған «Интер Майами» 1 ақпанда Роналду ойнайтын «Әл-Насрға» қарсы жолдастық кездесу өткізеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<