«Мінезіміз сай келмейді»

823

0

Қазақстанда бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ерлер мен әйелдер туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметін Tengrinews.kz келтірді. 

Мәлімет бойынша, 2022 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалары бар 476 мың жалғызбасты әкелер немесе аналар отбасы бар. Оның ішінде 423 959-ы балалы аналар отбасы, 52 мыңы балалары бар әкелер отбасы. Мұнда әкелер мен аналардың жесір, ажырасқан,  бұрын-соңды үйленбеген дегендей барлық санаты ескерілген.

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, өткен жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан.

Жалпы «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодекстің 17-бабына сәйкес неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптының және мүліктік даулардың өзара келісімі бойынша ғана АХАТ органдарында тікелей бұзылуы мүмкін.

«Жүргізілген мониторингке сәйкес, тіркеуші органдардың ақпараты бойынша, азаматтар өзара келісім бойынша некені бұзу туралы өтініш берген кезде, өтініш берушілер некені бұзудың негізгі себебін «мінездерінің бір-біріне сай келмеуі» деп көрсетеді», – деп хабарлады ведомство.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<