ММА: Жаңа чемпион анықталды

806

0

Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында аралас жекпе-жектен қазақстандық промоушн Octagon-ның турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Sports.kz мәліметінше, кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Жансерік Жақсығұлов (4-2) пен өзбекстандық Достон Бозоров (7-1) арасында өтті. Олар жеңіл салмақтағы «уақытша» титул үшін бақ таластырды. Кездесу нәтижесі бірінші раундта Д.Бозоровтың жеңісімен техникалық нокаутпен аяқталды.

Осылайша, өзбекстан спортшысы кәсіби мансабында 8-рет жеңіске жетіп, Octagon-ның жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы атағын иеленді. Ал Ж.Жақсығұлов үшінші рет жеңіліс тапты.

Сондай-ақ турнир барысында өзге қазақстандық файтерлер өнер көрсетті. Өзбекстан өкілі Исломжон Олимжонов (1-1) қазақстандық Шыңғысхан Оралбаевты (1-1) алғашқы 52 секундта нокаутқа жіберді.

Қазақстандық Абдурахман Өмірзақов (2-0) өзбекстандық Асад Кахоровпен (3-1) күш сынасты. Жекпе-жек белгіленген барлық үш раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен А.Кахоровтың жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық Әділ Боранбаев (20-9-1) октагонға Өзбекстан спортшысы Бобур Абдулазизбен (10-8) шықты. Төрешілер жеңісті Қазақстан өкіліне берді.https://t.me/allsportskz/13692?embed=1

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<