Өмірдің гүлі, көңілдің жыры

378

0

   Халықаралық әйелдер күні қарсаңында  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер мен сала ардагерлерін қабылдады. Кеш иелерін шұғылалы көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Патша да, батыр да анадан туады. Сіздердің сан салада қызмет атқарып, Сыр елінің өсіп- өркендеуіне, қарқынды дамуына  қосып жатқан үлестеріңіз зор. Облыстағы барлық жетістіктер мен ортақ жеңісімізде сіздердің қолтаңбаларыңыз бар. Отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық тілеймін, – деді аймақ басшысы.   

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйел-ананың қоғамдағы орны бөлек. Өмірдің гүлі, көңілдің жырына айналған әйелдер облыстағы маңызды салаларда нәтижелі еңбегімен ерекшеленіп жүр.

Осыған орай, ортақ жетістікке үлкен үлес қосып келе жатқан  оларға жан-жақты жағдай жасалып отыр.

Жиын соңында мереке иелеріне сый-сияпат көрсетілді.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<