Нұртөре Жүсіп: Кітапхана ісіне қолдау көрсетуі келешек үшін жасалған үлкен игілік

454

0


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Президенттің бүгінгі Жолдауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатордың айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында мәдениет саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Ол туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Мәдениет, оның ішінде Кітапхана мамандарының жалақысын 2022-2025 жылдары аралығында әр жылы 20%-ға көтеру туралы нақты ұсыныстар жасады. Қазаққа саналы да сапалы ұрпақ керек! Осы орайда Мемлекет басшының кітапхана ісіне айрықша мән беріп, қолдау көрсетуі келешек үшін жасалған үлкен игілік! Кітапханашылар мәртебесін көтеру – білімді ұрпаққа жол ашу! Біздің бірнеше мәрте осы мәселе туралы жолдаған депутаттық сауалымыз аяқсыз қалмады. Президенттің өз Жолдауында тікелей қолдау білдіруін жақсы жаңалыққа балап отырған жайымыз бар!» – деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Жолдауда Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы жылға арналған басым мақсаттарын жария етті.

Автор: Думан Арғынгелді


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<