ҚОҒАМДЫ УЛАЙТЫН ҚАУІП

311

0

Қоғамның келеңсіз құбылысы болып табылатын сыбайлас жемқорлық адамзат өркениетінің дамуын тежейтіні анық.

Елімізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар жүргізіліп келеді. Мемлекетіміз ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып осы келеңсіз құбылыспен күрестің мақсат-міндеттерін, негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдады. Сондай-ақ, кейін аталған Заң кезең-кезеңімен өзгерістер мен толықтыруға түсіп, уақыт талабына сәйкес жетілдіріліп отырды. Бүгінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы азаматтарды ортақ мүддеге жұмылдырады. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы қабылданып, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер төндіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында әр жыл сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыс жасалуда. Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру сынды шаралар ұйымдастырылуда. 

Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жаңашыл қадамдар жасап келеді. Мемлекеттік аппаратты реформалау сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуді, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтықты арттыруды, меритократия қағидаларын енгізуді, яғни, жақсы кадрларды ілгерілетуді қамтамасыз етуді көздейді.

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның атсалысуына байланысты» делінген. Бұл ретте сыбайлас жемқорлықпен күресті әр азамат өзінен бастаса, елімізді «Мәңгілік Ел» етуге өзіндік елеулі үлесін қосады деп есептейміз.

Облыстық жолаушылар көлігі және 

автомобиль жолдары басқармасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<