Облыста газдандыру жағдайы жақсарады

233

0

Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясы болып өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, депутаттар, басқарма басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №63 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Бұл бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбәраков хабарлама жасады.

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 31 мамырда №431 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» қаулысы қабылданды. Осыған сәйкес облыс елді мекендерін газдандыру үшін 16 жобаға қаралды.

Осы мақсатта биылға қаржы арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Оның ішінде облыстық бюджеттің өз кірістері ұлғайтылуда. Сәйкесінше, шығыстар бөлігінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бағдарламаларына қажетті ақша қарастырылуда. Атап айтқанда, «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қызылорда қаласында АГТС орната отырып, «Бейнеу-Шымкент» магистральді газ құбырынан және жаңа бу-газ қондырғысына дейін жеткізуші газ құбырын салу», «Қамыстыбас кентінде АГТС орнатумен «Бейнеу-Шымкент» магистральді газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын» түзету» жобасы бар. Сондай-ақ облыстың барлық ауданында осы бағытта нақты жұмыстар атқарылады. Ол халықтың «көгілдір отынға» қолжетімділігін арттыра түседі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<