Облыстық жастар форумы өтті

479

0

Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық ішкі саясат басқармасы және облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен жастар форумы болды. Аталмыш шараға облыстың белсенді жастары және БАҚ өкілдері қатысты. Шаһардың сол жағалауындағы Жастар ресурстық орталығында өткен форумды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова ашып, жастардың игі істеріне тоқталды.

Мерейлі мерекеде қос сала БАҚ өкілдері арасында «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін көтеру» тақырыбында байқау ұйымдастырды. Шарада конкурстың жеңімпаздарына облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Ягмусов жүлделі сыйлықтарды табыстады. Үздік деп танылған үштікке қаржылай серфитикат берілді. Атап айтқанда, ІІІ орын облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ақпаратты-талдамалық сүйемелдеу бөлімінің маманы, журналист Нұрбике Құдайбергенова, ІІ орын облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожасов және жүлделі І орынмен «Halyqline.kz» сайтының редакторы Рыскелді Жахман марапатталды.

Бұған қоса, арнайы «Талдамалы ақпарат» номинациясы аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторының орынбасары Гүлнар Дүйсебаева, «Әділет тынысы» – облыстық «Qyzylorda» телеарнасының тілшісі Дәулет Сағит және «Рухани тағылым» номинациясы – «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаевқа берілді.
Аталмыш жиында белсенді жастар өз ойларымен пікірлерін жеткізді. Алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдері мол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз