Отбасылық жарыс өтті

1348

0

Республиканың барлық білім беру ұйымдарында «Отбасы сағаты» акциясы белсенді өткізілуде. Орталық алаңдарда спорттық конкурстар, жарыстар ұйымдастырылуда. Осыған орай, Қызылорда қалалық білім бөлімінің Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бейіндік оқыту бөлімі де акцияға атсалысып, «Спорт әлемінде» атты отбасылық жарыс ұйымдастырды.

Балалардың дене шынықтыру қабілетін арттыра отырып, салауатты өмір салты мен спортқа деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен іс-шара Батырхан Шүкенов атындағы саябақта өтті.

Іс-шара барысында орталық директорының орынбасары Марина Мейірманқызы үйірме оқушыларына оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, жазғы маусымда демалысты көңілді тынығып келуіне тілек білдірді. Бөлімнің педагог-ұйымдастырушысы Айнұр Махамбетова қатысушы отбасы мүшелеріне сәттілік тілеп, жарыс ережесімен таныстырды. Ойындарды бөлім инструкторы Гүлбану Сматуллаева қызықты етіп өткізді.

Жарыс таныстыру, қызықты ситуациялық ойындар, қол күрес және кедергілерден өту сияқты 4 кезеңнен тұрды. Қорытындысымен жеңімпаздар үш бағыт бойынша марапатталып, «Ең үздік отбасы-2021» номинациясын Беріковтер отбасы, «Ең белсенді отбасы» номинациясын Бимұратовтар отбасы, «Ең ұйымшыл отбасы» номинациясын Маратовтар отбасы иеленді.

Айнұр. Махамбетова,

Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының

педагог-ұйымдастырушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<