Полиция департаментінде Консультативтік  – кеңесші органның отырысы өтті

420

0

Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде  Консультативтік  – кеңесші органның  отырысы  өтті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес отырысына Консультативтік – кеңесші органның төрағасы  Қызылорда облысының құрметті азаматы Ерманов Нұрмұрат Наятұлы және Кеңес мүшелері, Полиция департаментінің басшылығы қатысты. Қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары өз кезегінде бейнеконференция режимінде байланысқа шықты.     

Отырыстың күн тәртібінде облыстық Полиция департаменті жанынан құрылған Консультативтік-кеңесші органның мүшелерін тағайындау   мәселесі қаралды. 

Кеңес төрағасы  Ерманов Нұрмұрат Наятұлы  Консультативтік –кеңесші органның мүшелерін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды ұсынды.  Ашық дауыс беру арқылы  өңіріміздің сыйлы да абыройлы азаматтары Кеңес мүшелері болып тағайындалды.  

Нәтижесімен ресми түрде Консультативтік – кеңесші органның төрағасы  болып Ерманов Нұрмұрат Наятұлы қайта тағайындалса, мүшелері болып «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Абдрахманов Шәріп Ақбарұлы, Қызылорда облыстық «Qyzylorda» телеарнасы директорының орынбасары Қасымова Айсұлу Жұмабайқызы, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының төрағасы Толоконников Владимир Петрович, Қызылорда облысы Полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Серікбол Қуатбайұлы, «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі  Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы, ҚР-сы ІІМ Ішкі істер органдарының Құрметті ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, қоғам белсендісі Мұсаев Ерлан Нұрланұлы, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы сайланды.     

Департамент бастығы Мұхтар Аманқұлұлы сөз алып, жаңадан тағайындалған Кеңес мүшелеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы біріккен жұмыстың нәтижелі болатынына сенім білдірді. «Қазіргі таңда еліміздің ішкі қауіпсіздігінің сақталуы аса маңызды болып отыр. Бұл тек қана полицияның емес, барлығымыз бірлесе атқарар іс екендігі белгілі. Міне, осы тұрғыдан ішкі істер органдарына Сіздердің көмектеріңіз қажет. Біз Сіздерді полиция мен елдің арасындағы алтын көпір ретінде танимыз» деп атап өтті Департамент бастығы Мұхтар Аманқұлұлы.

         Сонымен қатар, Кеңес мүшелері тарапынан полицияның жұмысын жақсарту, полицияны халыққа жақындату және халықтың сенімін арттыру, полиция қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жан-жақты және шынайы ақпараттандыру, полиция қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Кеңес соңында төраға Нұрмұрат Наятұлы жыл бойы атқарылған жұмыстарды, қол жеткізілген көрсеткіштерді саралап, отырысты қорытындылады.   

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<