Президент Кувейт Әмірінің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

453

0

Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Мемлекетінің жаңа Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахқа және Кувейт халқына көңіл айтты. Кувейт Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах дүниеден озды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл- Джабер ас-Сабахтың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Шейх Наууаф өз өмірін Кувейттің өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға арнаған тұлға. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткер ретінде әрдайым есінде сақтайды. Қаралы сәтте Сізге және әулетіңізге, сондай-ақ барша отандастарыңызға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақтасамын», – деп жазылған президент жолдаған жеделхатта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<