Президенттікке кандидатқа қандай талаптар қойылады?

286

0

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптар туралы

Кандидат тумысынан Республика азаматы болып табылатын;
Қырық жасқа толған;
Мемлекеттік тілді еркін меңгерген;
Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын;
Жоғары білімі бар;
Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын  жұмыс тәжірибесі бар;
Белсенді сайлау құқығына ие азамат болуы тиіс.  
Кандидаттарды республикалық қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.  
Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 11 қазансағат 18:00-де аяқталады.  
Кандидаттарды тіркеу 2022 жылғы 21 қазансағат 18:00-ге дейін.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы