Қаламгерлерге құрмет көрсетілді

343

0

Жылдағы  дәстүрге сәйкес, 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұшқыр қалам – 2022» атты мерекелік шара өтті.

Қала әкімі Асылбек Шәменов ақпарат саласы майталмандарын төл мерекелерімен құттықтап, алғысын жеткізді.  Қала әкімі Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, белгілі ақын Дүйсенбек Аяшұлының асқаралы 60 жасқа толуына орай  сый-құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Сонымен қатар, мерекелік шараның тартуы ретінде сала үздіктері  арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Шара барысында Сыр елінің белгілі өнерпаздары мен «Мереке» вокалды-аспапты ансамблі ән-жырдан шашу шашып, мереке көрігін қыздырды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<