Қанша мектеп штаттық режимде жұмыс істеп тұр?

805

0

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектептердегі оқу процесінің ұйымдастырылу барысы туралы мәлімет берді, деп жазады Egemen.kz.

Спикердің айтуынша, елімізде мектептердің 95%-дан астамы оқу процесін бір немесе екі ауысымда штаттық форматта өткізіп жатыр. Мектептердің 5%-ы орын тапшылығы бар немесе үш ауысымды мектеп.

«Бүгінгі күні мектептердің 87%-дан астамында сабақ толығымен штаттық форматта өтіп жатыр. Ал мектептердің 13%-ға жуығы кей пәндерді қашықтан жүргізеді. Бұл формат әдістемелік нұсқаулықта рұқсат етілді. Тек 0,2%-ы ғана оқу процесін қашықтан өткізіп жатыр. Оған оқушының сырқаттанып қалған жағдайы немесе ауырған адаммен байланыста болғаны себеп болуы мүмкін», деді Каринова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<