Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сақтық шаралары күшейтілді

659

0

Сыр өңірінің «қызыл аймаққа» өтуіне байланысты Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде коронавирустық инфекциясының алдын алу шаралары қайта күшейтілді. ҚАЖ мекемелері «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 02 қыркүйектегі №38 қаулысын негізге алып жұмыс атқаруда.
Мекемедегі әрбір қызметкердің маска тағып жүруі тексеріліп, дене қызуы өлшеніп, қалыпты деңгейде болғанда ғана кіргізіледі.
Мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеп жатқандардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дезинфекциялық шараларды күнделікті жүргізуде.Карантиндік режим қатаң сақталынып,ішкі және сыртқы аймақтар дезинфекциялануда. Жатақхана, асханада санитарлық жұмыстар күнделікті жүргізіліп тұр.Аймақтар тазартылып ,бөлмелер желдетіліп,маска режимі қатаң сақталынылып отыр.

Дана Достанова,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<