Қазақстанда ақпан айында тұрғын үй қымбаттады – Krisha.kz

831

0

Қымбаттау көрсеткіші рекордты деңгейге жетті.

Қазақстанда ақпан айында тұрғын үй орташа есеппен 3,5 пайызға қымбаттады. Krisha.kz сарапшыларының айтуынша, тұрғын үй бағасы көпжылдық рекордтқа жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тұрғын үй бағасының қымбаттауы Ақтау, Орал мен Атырау қалаларында ең жоғары көрсеткішке жетті. Айта кету керек, бұл облыстар зейнетақы жинақтарын алу мөлшері бойынша көш бастап тұр. Ақтауда тұрғын үйдің бір шаршы метр 13,1 пайызға өсіп, 216 975 теңгеге жетті. Бұл соңғы үш жылдағы максимум көрсеткіш. 

Екінші орында – Орал (+7,8 пайыз) қаласы тұр. Мұнда бір шаршы метрдің бағасы 246 550 теңге тұрады. Бұл соңғы 5 жылдағы максимум. Тұрғын үй бағасының өсімі бойынша Атырау қаласы үшінші орында тұр. Ақпан айында бұл қаладағы тұрғын үйдің шаршы метрі 296 700 теңге тұрады.

Өскемен, Ақтөбе қалаларында пәтер бағасы 4,3 пайызға (309 350 теңге), Қызылордада (162 925 теңге) 4 пайызға қымбатады. Семейде индекс 3,3 пайызға өсіп, бір шаршы метр бағасы 244 925 теңге болды. Петропавлда қымбатшылық индексі – 2,9 пайыз (шаршы метрі 244 925 теңге), Талдықорғанда – 2,7 пайыз (шаршы метрі 266 800), Қостанайда – 2,5 пайыз (260 175).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<