Қазақстанда жасы 90-нан асқан 1417 қария вакцина алған

493

0

70-79 жас аралығындағы 135 938 қария І компонентпен қамтылды.

Қазақстанда жасы 90-нан асқан 1417 қария вакцина алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Зейнет жасындағы ел тұрғындары қоғам денсаулығын сақтауға белсенді үлес қосып отыр. 24 тамыздағы мәлімет бойынша 70-79 жас аралығындағы 135 938 қария І компонентпен қамтылса, олардың 106 932-сі толық вакцинация курсынан өтті. 80-89 жас аралығындағы 32 866 зейнеткер екпе салдырған.

«Ал 90 жастан асқан 1417 қария коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін алған. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (264), Түркістан (250) облыстары мен Алматы қаласының (210) тұрғындары», – делінген хабарламада.

sn.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<