Қолөнершінің қолтаңбасы ғарышта

966

1

Бүгін Қызылорда қаласындағы К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінде ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, академиялық доцент, Қазақстан суретшілер ассоциациясының мүшесі, қолөнерші Иса Маралбек Құдайқұлұлына арналған кабинеттің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынға Қызылорда қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Орынша Алимбетова, Қызылорда облыстық Суретшілер одағы филиалының төрағасы Аманкелді Кененбаев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бауыржан Елеусінов, ардагерлер, мектеп басшылары, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Келген қонақтарға Рахат Құлтанов атындағы мұражайды таныстырғаннан кейін Маралбек Құдайқұлұлы атындағы кабинеттің ашылу рәсімі өткізіліп, лентасын Қызылорда облыстық Суретшілер одағы филиалының төрағасы Аманкелді Кененбаев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бауыржан Елеусінов, қолөнершінің жұбайы Дәмеш Жүсіпова қиды. Жиын барысында Маралбек Құдайқұлұлының өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер айтылды.

Қызылорда қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Орынша Алимбетова қолөнершінің жұбайы Дәмеш Жүсіповаға ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатын табыстады.

Жиын соңында қолөнер бұйымдарының көрмесі тамашаланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<