Қорытынды сынақтар өтіп жатыр

393

0

Әскери қызметшілер жалпы әскери жарғылар, арнайы, атыс, дене шынықтыру, мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарынан сынақ тапсырып жатыр. Қорытынды сынақтар оқу-жаттығу полигоны мен әскери мекеменің тұрақты орналасу пунктінде жүргізілуде.

Жергілікті әскери басқару органдарының үйлесімділігі мен даярлық деңгейі тексерілетін сынақтарда жеке құрамның теориялық білімдеріне, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жағдайына баға беріледі.

 – Әр оқу жылының соңында өтетін бұл қорытынды сынақтарда әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігі расталады. Осы арқылы жеке құрамның кәсіби деңгейі мен үлгеріміне баға беріледі, – деді Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жоспарлау және үйлестіру бөлімінің бастығы майор Абай Молдағалиев.

Мұхит Қонаров,

Қызылорда гарнизоны баспасөз

қызметінің бастығы,

лейтенант

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<