Қыс қаһары қайтады

615

0

Қараша келіп, күн суыта бастағаннан көпшілікті «биылғы қыс қалай болар екен?» деген сұрақ мазалайтыны белгілі.  Барыс жылының қысы әлден мінез көрсетуде. Әрі қарай қалай болар екен? Осы сұрақпен «Қазгидромет» РМК  облыстық филиалы мамандарына хабарласқан едік.

Мәліметке сүйенсек, желтоқсан айында ауаның орташа айлық температурасы -6-11 градус  күтіледі, бұл норма шамасынан 3 градусқа төмен (норма: -3-8°С). Бүгінгі күні облыс бойынша жауын-шашынсыз, әлсіз желді, суық ауа райы байқалуда. Ауа температурасы түнде облыстың басым бөлігінде -20-25 градус, солтүстікте -28-30 градус, күндіз -10-15 градус, облыстың солтүстігінде -18 градус аяз болып тұр. Синоптиктердің болжамынша, екінші онкүндіктен бастап үшінші онкүндіктің ортасына дейін ауа температурасы  түнде -15-25 аяздан 0-5 -ке, күндіз -5-10 аяздан -5+5 градус, оңтүстік аудандарда +10 градус жылыға ақырындап жоғарылайды. Сонымен қатар облыс бойынша желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Ал үшінші онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -2-10 градус, күндіз -5+3 градус болады деп болжануда.

Жауын-шашынның айлық мөлшері облыста норма шамасында болады. (норма: 9-21 мм). Жауын-шашын көбінесе қар түрінде  екінші онкүндіктің ортасында, үшінші онкүндіктің басында және соңында күтіледі. Көктайғақ екінші  онкүндіктің ортасында, үшінші онкүндіктің ортасында, тұман  айдың ортасында, бұрқасын үшінші онкүндіктің соңында кездеседі. Қаңтар айында орташа айлық ауа температурасы облыстың басым бөлігінде нормадан 1 градус жоғары, облыстың солтүстік-батысында нормада, жауын-шашын норма шамасында түседі деп күтілуде.

Ал ақпанда орташа айлық ауа температурасы облыстың басым бөлігінде нормадан 1 градус төмен, облыстың оңтүстік-шығысында, батысында норма шамасында, жауын-шашын нормадан аз жауады деп болжануда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<