Қызылордада жалған сертификат сатқан алаяқ ұсталды

642

0

Қызылордада тұрғындарға медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын аяқтағандығы туралы жалған сертификат сатқан алаяқ ұсталды. Облыс полицейлерінің жедел-іздестурі шаралары арқасында қолға түскен ол Шиелі ауданының 36 жастағы тұрғыны болып шықты, – деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір оның осындай желеумен 6 тұрғынға жалған сертификат бергені анықталып отыр. Алаяқтың бұл әрекетінен жәбірленушілерге 200 мың шамасында материалдық  залал келтірілген.

Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп–тексеру амалдары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<