Respublica партиясы ресми түрде тіркелді

481

0

Сурет: Zakon.kz

Respublica партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы партияның басшысы Айдарбек Ходжаназаров Фейсбуктегі парақшасында хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚО-ларының бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз» деп жазды Айдарбек Ходжаназаров әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, партияның тең төрағалары – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.

Өткен жылғы 19 желтоқсанда Қанат Мусин Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып, осы Respublica партиясы ресми тіркелгенін айтқан еді.

Артынша, Әділет министрлігі жаңа саяси партия тіркелгені жайлы өз ақпаратын жоққа шығарды.

Айта кетейік, бұл – елімізде тіркеліп отырған жетінші саяси партия:

1. «AMANAT» партиясы;

2. «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясы;

3. «Қазақстан Халық партиясы»;

4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

5.«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;

6. «Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясы;

7. «Respublica» партиясы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<