Рухани жаңғыру. Мұражайға саяхат.

654

0

ЗК-169/4 мекемесінің кадр жұмысы тобының аға инспекторы әділет капитаны А.Уайдаевтың  басшылығымен  Қызылорда облыстық тарихи өлкетану мұражайына мекемедегі жас қызметкерлерді апарды. Мұражай ішіндегі көріністер көз жауын алатындай өте керемет. Олардың ішіндегі әрбір көрмелер өте тамаша. Барлығы қаз-қалпында сақталған. Біз бірінші кезекте Қызылорда облысына қарасты аудандардың аймағында өмір сүретін, тіршілік ететін жануарлар, сүт қоректілер және де бауырмен жорғалаушы жәндіктермен таныстық. Оларды көргенде шынымен де солардың ортасында жүргендей сезіндік. Жанымыздағы қызметкерлер өздерінің  осы жануарлар жайында білетін ақпараттарымен бөлісті.  Екінші  бізді ерекше таңғалдырған көрме- Ұлы Отан соғысына  арналған бөлме. Бұнда с оғыста пайдаланылған заттар мен қару-жарақ түрлері.
Сол кездегі ел қорғаған жаужүрек батырларымыздың есімдерімен таныс болдық.  Тарих беттерінде жазылмай қалған деректерді оқып танып білдік. Жалпы мұражайдағы көрме сонау тас дәуірінен бастау алып, осы қазіргі   ХХІ  ғасыр аралықтарын қамтыған. Әк көрменің өзіндік ерекшеліктері бар. Көрме қойылымдарында  археология мен этнография нумизматика, мүсін, қолданбалы өнер бұйымдары,фотосуреттер мен құжаттар, сирек кездесетін  кітаптар топтамалары, өлкенің өсімдікті және жануар әлемі заттары  бар.  Барлығымыздың көзімізге ерекше  түскені этнографиялық зал орталығында интерері мен ішкі жабдықтарымен қоса алты қанатты киіз үй көрсетілімі жасалған. Аса қызығушылықты ағаштан жасалған бұйымдар тартады: адам көзін жаулайтын адалбақан, төсек ағаш,кебежені көре аламыз. Сонымен қатар келушілердің қызығушылығын КСРО халық әртісі, «Халық Қаһарманы» Роза Бағланова мен  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі  Мәдина Ералиеваға арналған экспозицияға ерекше тартады.
Облыстық тарихи- өлкетану мұражайында интернет желісіне қосылған мультимедиялық кабинет жабдықталған.  Бұл саяхат барысында жас қызметкерлер өз танданыстарын жасыра алмады. Мұражайға саяхат барлығымызға рухани  азық алғандай болдық.  
                                                                                            И.Жаңбыршиева
                                                             ЗК-169/4 мекемесінің қызметкері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<