Сайлау күні тұрғындардан 138 қоңырау түскен

478

0

Қыркүйек айынан бастап Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының колл орталығы болып «109-Бірыңғай байланыс орталығы» бекітілді.

Шиелі және Сырдария аудан әкімдерінің сайлауы бойынша 2023 жылғы 5 қарашаға дейін барлығы 718 қоңырау түскен.

Ал, бүгін кешкі сағат 19.00-ге дейін бірыңғай байланыс орталығына 138 азамат қоңырау шалған. Олардың басым бөлігі сайлау учаскелердің орналасқан мекен-жайын сұраған.

Екі аудан бойынша 6 кандидатқа 72 мың сайлаушы дауыс беруге мүмкіндік алды. Шиелі және Сырдарияда барлығы 58 учаске жұмыс жасады.

Сайлау күні дауыс беру учаскелеріне балаларымен бірге келген отбасылардың қатары көп болды.

Алғаш рет дауыс берген, алғаш рет некеге отырған ерлі-зайыптылар да өз таңдауларын жасады. Мұнан бөлек, әкелер және әжелер ансамблі, полициялар мен ұстаздар династиясының өкілдері де бюллетень алып, дауыс берді.

Айта кетейік, Шиелі және Сырдарияда барлығы 58 учаске жұмыс жасауда. Дауыс беру жергілікті уақыт 20.00-ге дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<