Жүзден астам сайлаушы дауыс берді

530

0

Қызылорда қаласындағы Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектепте орналасқан №358 сайлау учаскесінде дауыс беруге тұрғындар белсенді қатысуда.

– Сайлау науқаны басталған сәттен бастап 100-ден астам сайлаушы дауыс берді. Біздің учаскеге алғашқы болып Дараш Камалалинова есімді азаматша келді. Ол өз дауысын беріп, сый-сияпат иеленді. Одан бөлек ең үлкен сайлаушы Хамит Әлішев есімді қария өз таңдауын жасап, бата берді. Сайлаушылар тарапынан ешқандай шағым жоқ. Сайлау әділ түрде өтіп жатыр, – деді сайлау учаскесінің төрағасы Шара Рахменова.

Таңда басталған сайлауда тұрғындардың белсенділігі артып келеді. Учаске қызметкерлері тұрғындарға «наурыз көже» ұсынып, көңілдерін көтеруде.

Ән шырқалып, тұрғындарды жылы қарсы алған сайлау учаскесінің жұмысы жүйелі жүруде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<