Сайыс мемлекеттік тілге арналды

489

0

Шиелі аудандық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарының қатысуымен «Мемлекеттік тіл –достықтың тірегі» атты аудандық байқауы және «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты мекеме қызметкерлері арасындағы сайыс өтті.

Іс-шаралар Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдаланылу аясын кеңейту» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен орындалды.
Жобаның мақсаты ауданда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлтаралық бірлікті нығайту.


«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты мекеме қызметкерлері арасындағы сайыста, қа қатысушылар:
Кенбаева Айгерім I орын, Құрманәлиев Қасымхан II орын, Мәдиярова Гүлнар III орын иеленді. Ал Қаппаров Ынтымақ пен Сапарбаев Нұрсұлтан және Айдаров Мұратқа Алғыс хат табысталды. Ал «Мемлекеттік тіл –достықтың тірегі» атты аудандық байқауға қатысқан Ахметқұл Ақбота I орын, Балтабаев Мейіржан II орын, Кенбаева Айгерім III орынды жеңіп алды. Сондай ақ белсенді қатысқаны үшін Ералиева Аружан мен Ерғазина Еңлік және Айтбай Айдана Алғыс хатпен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<