Сала үздіктерімен кездесті

381

0

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандық кітапханада мәдениет және спорт саласының ардагерлерімен, сала үздіктерімен кездесті. Ең алдымен «Жаңа Қазақстан – сенімді болашақ» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысып, аудандық тарихи өлкетану музейінің экспозиция залын аралаған аудан әкімі кездесу барысында рухани саладағы бірқатар жетістіктерге тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыстар барысын нақтылады.

Жандос Еркінбекұлы өз сөзінде өткен жылы Қуаңдария ауылында 100 орындық ауылдық клуб үйінің ел игілігіне пайдалануға берілгенін айта келе, Жосалы кенті мен Ақай ауылында спорт кешендерінің салынып жатқанын, ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар ауылдарындағы спорт кешендерінің құрылысы биылғы жылы басталатындығын атап өтті. Кездесу барысында аудан басшысы ауданымыздың рухани-мәдени дамуына, денешынықтыру мен спортты белсенді түрде дамытуға атсалысып жүрген сала ардагерлеріне зор денсаулық тілеп, ізбасарларына әрдайым ақыл-кеңестерін беріп отыру қажеттілігін айтты. Сонымен қатар, мәдениет және спорт саласында аудан абыройын асқақтатып жүрген үздік спортшылар мен мәдениет саласының үздіктеріне қашан да қолдау көрсететіндігін айтып, игі істерге атсалысуға шақырды.Өз кезегінде сөз алған ардагерлер аудан әкіміне мәдениет және спорт саласын дамыту бағытында ұсыныс-пікірлерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, мәдениет саласынан Бибайша Жанақаева, Үрзахия Махамбетова, Жұпаркүл Бердібаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі Несібелі Нұрәлиева, жырау Зәуре Кәрібаевалар қатысса, спорт саласынан ҚР Құрметті спорт қайраткері Еркін Атабаев, Әлжан Төремаханов, жас спортшылар қатарындағы Ұлтай Сейлова, Құдайберген Темірбекұлы және жас өнерпаз Азамат Әлтаевтар болды.Айта кету керек, мәдениет және спорт саласы біріктіріліп, аудандық мәдениет және спорт бөлімі болып қайта ұйымдастырылған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<