Салтанатты шара

368

0

Қазалы ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік салтанатты шара өтті. Мерекелік шараға 200-ден астам нәзік жандылар қатысты. Олардың ішінде Еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, денсаулық саласының ардагерлері, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген арулар бар.

Шара барысында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев: «Бүгінгі күн – ерекше күн. Көктемнің айшықты мерекесінде Әйел – Анаға деген ең ізгі ықылас-сезімдерімізбен осында бас қосып отырмыз. Сіздердің ел дамуы жолындағы қосқан өлшеусіз ерен еңбектеріңізге зор ықыласпен ризашылығымды білдіре отырып, көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын» – дей келе, арулар қауымының қоғамдағы мәртебесі мен маңызына тоқталды.

Салтанатты жиын барысында жергілікті өнерпаздар барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйласа, бүлдіршіндер де аяулы жандарға әсем әндерін арнады.

Қатысушылардың барлығына аудан әкімінің арнайы сыйлықтары мен гүл шоқтары табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<