«Саналы ұрпақ» клубының облыстық слеті өтті

778

0

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттер сарайында облыс бойынша «Саналы ұрпақ» клуб мүшелерінің слеті ұйымдастырылды.

«Слеттің басты мақсаты – жастардың бойында рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиемен өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты насихаттау және қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу, студенттерге парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы мен облыстық білім басқармасының өкілдері, және «Сыр үміті» қоғамдық қауымдастығы атқарушы директоры Тлес Талғат Оспанұлы, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы басшысы Ләззат Шайзадақызы және «Саналы ұрпақ» клуб мүшелері қатысты.

Кездесу барысында клуб мүшелері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан үздік жұмыстарын таныстырып, хабарлама жасады.

Сөз барысында, Ғалия Ұбайдуллақызы – колледж оқытушылары мен студенттеріне сыбайлас жемқорлық көріністерінен қоғамның әлеуметтік-экономикалық саласын ғана емес, рухани дамуын да тежейтіні туралы, бұл, ең алдымен, еліміздің болашағы – жастарға айрықша әсер ететінін, жастарды мектеп жасынан бастап, жоғарғы оқу орнын бітіргенге дейін адалдыққа тәрбиелеу керектігін, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатердің зардаптары туралы түсіндіре отырып, оқытушылар мен студенттерді қарым-қатынаста адал, әділ қарапайым, әдеп нормаларын сақтауға шақырды.

Слет соңында «Ең үздік «Саналы ұрпақ» клубы» және «Ең белсенді клуб мүшесі» номинациялары бойынша бірқатар «Саналы ұрпақ» клуб мүшелерін марапаттады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<