Сатира сардарына арналды

1387

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада сатирик жазушы, журналист Сақтапберген Әлжіковтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Сатира сардары» атты танымдық кеш өтті.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы төрағасы Қаршыға Есімсейітова, ардагер журналист Қайырбек Мырзахметұлы қатысты. Қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері, замандастары жазушы жайлы естеліктер айтты.

Кеш барысында ардагер ұстаздар Сақташ Жұматаев, Таубай Баратов, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергенұлы және С.Әлжіковтың немересі Жәнібек Әлжіков қаламгер жайлы жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ қаламгердің «Әжеге сыбаға» сықақ әңгімесінен қойылым қойылып, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жырау Шолпан Биімбетова, дәстүрлі әнші Бағдәулет Қарғабаев әннен шашу шашты.

Сонымен қатар, кеш қатысушылары кітапхана қорынан дайындалған С.Әлжіковтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесін тамашалады.

Сатира сардарыныңы 100 жылдығына арналған шара Қызылжарма ауылында да өтті. Ауылдық мәдениет үйінде А.Пушкин атындағы орталық кітапхана мен №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Сара сөздің семсері» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<