Блогер мен журналистің айырмасы неде?

1769

0

Желідегі  белсендінің  бәрі  блогер емес. Журналист блогер болса да, кез келген блогер журналист емес!

Негізі блогер деген кім?

Ол – санқилы мамандық пен әлеуметтік ортаның өкілі. Ал журналист – өзінің кәсіби саласында  арнайы білімі бар, журналистика теориясы мен практикасын  оқыған, игерген маман.

Соңғы жылдары елімізде блогер мен журналист ұғымын салыстырушылар көбейген. «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналистерді қолдайтындар  мейлінше мол.

Әлеуметтік желінің өз «жұлдыздары» пайда бола бастады. Соған орай жарнамалаған  өнімдері де күн өткен сайын үлкен сұранысқа ие.

«Соңғы кезде коммуникативті  технологиялардың шапшаң дамуынан туған өтпелі  қызғаныштың  салдарынан блогерлер мен журналистерді салыстыру  пайда болған. Қазір журналист өз кәсібінде жолдан қосылған  блогерді мойындамайды» – дейді кәсіби мамандар.

Жалпы, уақыт ағымымен түрлі мамандықтың пайда болуы шартты. Десе де әрбірінің өз мақсат-мүддесі, еңбек жүйесі болуы тиіс. Блогер мен журналистің де айырмасы жер мен көктей. Осы ой мені көптеп мазалап жүр.

Гүлім ЕЛЕУСІН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<