Сұйытылған газ бен бензин бағасы бекітілді

841

0

Үкімет елдегі жағдайды тұрақтандырып, әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту үшін шұғыл шаралар  қабылдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар  тауардың бағасы  реттеледі.

Елде сұйытылған газдың шекті бағасы бекітілді. Бәсе­келестікті қорғау және дамыту агенттігі «көгілдір отын­ның» бағасы 50-70 теңге ара­лығында сатылатынын айтты. Бұл баға 180 күн сақ­талады. Осы аралықта баға құнын өсірген компанияларға айыппұл салынады.

Ақтөбе, Атырау, Маң­ғыс­тау облыстарында литрі 50 теңгеден болмақ, Ал 200 шақырымнан алшақ аудандарда 55 теңгені құрайды. Шымкент, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан өңірлерінде газ бағасы литріне  60, алыс аудандарда 65  теңге, Алматы қаласында 65, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан  облыстарында 70 теңге болып бекітілді.

Айта кету керек, сұйы­тылған  мұнай газын электрон­ды сауда алаңдары арқы­лы сатуға көшу бір жылға ше­герілді.

Бензин мен дизельдің ба­ға­­сы да  мемлекеттік тұр­ғыда реттеледі. Бұл да – Пре­зи­­­денттің әлеуметтік-эко­­­но­­микалық жағдайды тұ­рақ­­­тандыруға қатысты тап­­­сыр­­­масына сәйкес қолға алын­­ған шараның бір парасы. АИ-82 бензині 89, АИ-92 – 182, АИ-93 – 182, АИ-95 235 теңге деңгейінде сақталады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<