Субсидия төлейді

232

0

Қазіргі уақытқа дейін қоғамдық орындар мен объектілерде санитарлық-гигиеналық тораптардың жетіспеушілігі және олардың тазалық жағдайы біраздан бері мәселе болып келгені белгілі.

Бұл мәселені шешу үшін, 2022 жылдан бастап Үкіметпен ай сайын әр нысанға 83 мың теңге мөлшерінде субсидиялау шарасы іске қосылды.

Мұндай мемлекеттік қолдау шарасы туристер көп жиналатын негізгі орындардағы жеке тұрған стационарлық үй-жайлар үшін де, өтімділігі төмен жол бойындағы сервис объектілері үшін де облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойында қойылатын дәретханаларға қатысты болады.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 24 дәретхана нысанының иелері осы қолдау шараларын алуға дайындығын айтып, нысандарды талаптарға сәйкестендіруде.

Жетілгенов Мұхтар,

Облыстық кәсіпкерлік және

өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<