Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

363

0

Фото: ашық дереккөз

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және оған қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент)  облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және оған қарасты мекемелеріндегі инженерлік инфрақұрылым (газ, электр жарығы, жылу, су) жүргізу барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары басталғаны туралы хабарлайды.

Талдау барысында Департаментпен инженерлік инфрақұрылым жүргізу барысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттары, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі, сатып алу процесі, мемлекеттік қызметтер көрсету және басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары бағыттар зерделенеді.

Осыған байланысты, облыс тұрғындары тарапынан талдау жұмыстары бойынша ұсыныстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болған жағдайда,  taldau-kzo-2022@mail.ru электрондық поштасына және  WhatsApp +7 707 771 91 20 жолдауға, сонымен қатар Департаменттің кезекші бөлімінің 23-06-90 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.

Қоғамдық даму басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<