«Сыр болашағы» құрылтайы

654

0

Сол жағалаудағы Жастар ресурстық орталығында мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің бастамасымен «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубының құрылтайы өтті. Жиынға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова қатысты.

Аталған клуб 2012 жылы ашылып, алғашында белсенді жұмыстар атқарылған. Биылдан бастап мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру мақсатында өз жұмысын қайта жандандырмақ.

Кездесуде аймақтағы мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын белсенді жастар бас қосты.

̶ «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы құрамына алғашқы жылдары 30 жасқа дейінгі қалалық, аудандық әкімдік, облыстық және аумақтық департамент, басқармада жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер мен қызметке қабылданғысы келетін жастар кірді. Олар жас мемлекеттік қызметші конкурсы, интеллектуалдық, спорттық шаралар және үйірмелер ұйымдастырған. Сол кезде клубтың белсенді мүшесі болған қызметкерлер бүгінде лауазымды қызметтерде жұмыс істейді. Сол себепті сіздерді де бірлесіп еңбек етуге шақырамын. Клуб жұмысына сәттілік тілеймін, ̶  деді М.Қазбекова.

Клубтың мақсаты – жас мемлекеттік қызметшілер арасында қарым-қатынас орнатып, өзара пікір-алмасу алаңын қалыптастыру, кәсіби және іскерлік қабілеттерін шыңдай отырып, мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Кездесуде мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев, мемлекеттік басқару академиясы филиалының басшысы Мұрат Әйтімовтер тұшымды баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Клубтың жаңа төрағалығында делегаттардың таңдауы облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, белсенді жас мемлекеттік қызметші Мади Бекмағамбетовке түсті. Көпшіліктің қолдауына ие болған клуб төрағасы сөз сөйлеп, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі. Көшбасшылар бас қосқан құрылтайда мемлекеттік қызметкерлер ұсыныстар айтып, алдағы жоспарларын талқылады.

Аружан ЕРАЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<