СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

368

0

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ Сырдария ауданындағы барлық білім ордаларында 2018 жылдың 15 мамыр күні сағат 18.30-да «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.

Мектептерде өткен жиналысқа мектеп директорлары, мектеп оқушыларының ата-аналары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ҮЕҰ-дар өкілдері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар және БАҚ өкілдері қатысты.

Ал, аудандық мәдениет үйінде өткізілген жалпыұлттық ата-аналар жиналысында оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы, қорытынды аттестаттауға дайындық барысы, оқу процесін цифрландыру, мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту, отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту, мектептердегі қамқоршылық кеңестердің қызметі туралы кең көлемде баяндамалар жасалып, сала жұмысының басым бағыттары талқыланды.

Жиналыс соңында оқу жылы барысында түрлі білім бәсекелерінен, спорттық жарыстардан және пәндік олимпиадалардан жүлделі орын иеленген озат оқушылардың ата-аналарына «Алғыс хаттар» берілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<